Жазылу

Алматы, Түрксіб ауданы

Білімге апарар алғашқы баспалдақ

Balbobek — 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған жеке балабақша. Монтессори жүйесі, логопед және күніне 5 мезгіл тамақ — бәрі бір жерде.

  • Монтессори
  • 2–6 жас
  • Логопед
  • 5 мезгіл тамақ

Біз туралы

Тәрбие мен білім — егіз

Balbobek — Алматыдағы жеке балабақша. Біз үшін әр бала — ерекше тұлға: оның ішкі дүниесін түсініп, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасаймыз.

Тәрбиешілеріміз заманауи педагогикалық технологияларды қолданып, баланы мектепке дейінгі ең маңызды кезеңде жан-жақты дамытады. Сондықтан түлектеріміз мектепке тәрбиелі әрі білімді болып барады.

Бала — болашағымыз, бала — қуанышымыз.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.

Балабақшаның негізін қалаушы

Балабақшаның негізін қалаушы

Барлық білімнің бастауы – балабақшада

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.

Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Біздің балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Балабақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәрбиеші ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын байқауға болады.

Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан-дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.

Біздің тәсіл

Тәрбиеші — басшы емес, серіктес

Біз балаға дайын жауап бермейміз — оны өзі табуына көмектесеміз. Сондықтан сабақтарымыз қызықты әрі түсінікті.

  • Ойын арқылы оқыту

    Жаңа білім ойын арқылы келеді — бала қызыға, асықпай үйренеді.

  • Ынтымақтастық педагогикасы

    Тәрбиеші мен бала — бір команда: бірге ойлап, бірге жаңалық ашамыз.

  • Сөйлеу тілін дамыту

    Байланыстырып сөйлеуге, ойын анық жеткізуге үйретеміз.

  • Логика және сыни ойлау

    Салыстыруға, сұрақ қоюға және өз шешімін табуға баулимыз.

  • Дүниетаным

    Айналадағы әлемді бірге зерттеп, балалардың ой-өрісін кеңейтеміз.

  • Мектепке дайындық

    Түлектеріміз мектепке тәрбиелі, білімді және сенімді болып барады.

Артықшылықтарымыз

Неге Balbobek?

Балаңыздың күні қызықты әрі пайдалы өтуі үшін бәрін ойластырдық.

  • Монтессори жүйесі

    Бала өз қарқынымен дамиды: сенсорлық материалдармен жұмыс, практикалық дағдылар және дербестікке баулу.

  • Логопед

    Маман баланың сөйлеу тілін дамытып, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.

  • 5 мезгіл тамақ

    Күніне бес рет толыққанды тамақтану — бала кешке дейін тоқ әрі сергек.

  • 2–6 жас

    2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз.

  • 07:00–19:00

    Дүйсенбі – жұма. Жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы.

  • Мерекелік ертеңгіліктер

    Әр мерекеде балалар тақпақ айтып, ән салып, сахнаға шығады.

  • Би сабақтары

    Хореограф балаларды биге баулып, мерекелерге би қояды.

Қабылдау

Балабақшаға қалай түсуге болады?

Үш қарапайым қадам — және балаңыз жаңа достарымен танысады.

  1. 1

    Бізге хабарласыңыз

    Қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз — бос орындар мен шарттар туралы айтып береміз.

  2. 2

    Құжаттарды жинаңыз

    Қажетті құжаттардың тізімі — осы жерде.

  3. 3

    Қош келдіңіз!

    Ауыстыратын аяқ киім, киім мен пижаманы алыңыз — бала жаңа ортаға бейімделе бастайды.

Қажетті құжаттар

Құжаттарды алдын ала дайындасаңыз, қабылдау тезірек өтеді.

  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
  • Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі
  • Баланың 3×4 фотосуреті
  • 026/у және 063/у нысандарыМедициналық карта және екпе картасы
  • Баланың денсаулық паспорты
  • Эпидемиологиялық орта туралы анықтама
  • Үш реттік қырындыЭнтеробиозға
  • Ауыстыратын аяқ киім, киім, пижама

Пікірлер

Ата-аналар не дейді?

2GIS-тегі пікірлер — ата-аналар қалай жазса, солай.

4,82GIS-тегі 72 бағаБарлық пікірлер 2GIS-те
  • 3 баламда осы балабақшаға барды, балабақшаға алғыс айтамын! Директоры әрдайым лично өзі жүреді бәрін қадағалап. Тәрбиешілері жақсы, мектепке жақсы дайындайды! Тамақтары құнарлы! Ертеңгіліктері жоғары дәрежеде өтеді!

    Айнур С. · 2GIS-тегі пікір
  • Дети с радостью идут в сад, потому что там их встретят любимые воспитатели, с которыми им легко, интересно и можно поделиться детскими секретами. В группе царит комфортная теплая обстановка благодаря пониманию и равноправию. … Мы полностью доверяем Вам, ведь родителю, когда он оставляет ребенка практически на весь день, очень важно знать, что его чадо в надежных руках.

    Венера С. · 2GIS-тегі пікір
  • Балбөбек балабақшасының директоры Гульшат Имангалиевна және қыздарымның тәрбиешілері Ботагөз апай мен Сымбат апайларға алғысым шексіз! Балабақшаға ешқандай жыламай, жақсы көңіл-күймен барады. Әр мерекеде іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтеді.

    Улмира С. · 2GIS-тегі пікір
  • Так как мы в этом году идем в школу, очень хочется сказать много добрых слов и слов благодарности в адрес нашего детского садика. Я очень рад что мой ребенок попал именно к таким добрым, чутким и душевным людям.

    Баур Ж. · 2GIS-тегі пікір
  • «Балбөбек» балабақшасы жақсы, бізге ұнайды, қызым тез үйреніп қалды. Директор, тәрбиешілер, барлық қызметкерлер мейірімді, жауапты. Балаларға жылы пейілмен қарайды.

    Dana A. · 2GIS-тегі пікір
  • Классный детский сад! Все нравится! Воспитатели тоже хорошие. Ребенка отдавали в 2 годика, сейчас 5 лет. 3 года ходим уже. Спасибо вам большое за все ❤️

    Zhadyra K. · 2GIS-тегі пікір

Байланыс

Бізге келіңіз

Сұрақтарыңыз болса — қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз.

  • Мекенжай

    Алматы қ., Түрксіб ауданы, Дәулеткерей көшесі, 2

    «Парасат» тұрғын үй кешені

    2GIS-те ашу
  • Жұмыс уақыты

    Дүйсенбі – жұма: 07:00–19:00

    Сенбі, жексенбі — демалыс

  • Телефон

    +7 775 596 21 54
  • Жақын аялдама

    «Микрорайон Атырау 3» — 150 м

Балаңызды Balbobek-те күтеміз!

Бос орындар мен шарттар туралы WhatsApp арқылы немесе телефонмен біліңіз.

WhatsApp-қа жазу